Жаңалықтар

Полиция күдіктіні ұстамады: Ақтауда бойжеткенді танысы көлікте зорлаған

Ақтауда автокөлікте қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚазАқпараттың «Немолчи» қозғалысының әлеуметтік желідегі жазбасына сүйене отырып жазуынша, Ақтауда тұратын бойжеткенді танысы көлікте зорлаған.

«Ол қыз пәк болатын. Кеше полицияға арыз берілді, бірақ әлі күнге дейін тергеуші белгілі емес, жәбірленушінің киімін де алған жоқ. Полицейлер күдіктіні ұстамады, оқиға орны да қаралған жоқ, көлікті айып тұрағына қоймады, тіпті сараптама да тағайындаған жоқ», – деп жазылған мәліметте.

Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button