Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің құзыреттерді бағалау кезеңі басталғанын жариялады. Бұл кезең 25 қазанынан бастап 28 қарашаға дейін өтеді. Ассессмент орталық және құзыреттер бойынша сұхбат атты 2 блоктан тұратын кезеңге алдыңғы айналымнан 235 үміткер өтті. Ассессмент орталық оффлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы үміткерлердің белгілі бір құзыретін анықтауға және бағалауға бағытталған. Үміткерлер үшін ассессмент орталық 25-30 қазан аралығында оффлайн форматта өтеді, содан кейін 1-15 қараша аралығында сарапшылар барлық материалдарды өңдеп, жеке есептер дайындайды. Ассессмент орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткердің стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сендіре білу сияқты құзыретін анықтауға және бағалауға бағытталған. Құзыреттерді бағалаудың осы блогы топтық және жеке тапсырмадан тұрады, процесс барысында үміткердің мінез-құлқын сертификаттарға ие сарапшы бағалаушы – асессорлар бақылайды. Аталған тапсырманың әрқайсысында үміткерлерге қатаң шектеулі уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау негізінде өзекті өңірлік проблеманың шешімін ұсыну қажет болады. Ассессмент орталықтың барлық рәсімін Мемлекеттік басқару академиясының сертификаттарына ие сарапшы бағалаушы тобы жүргізеді. Ассессмент орталықтың қорытындысы бойынша келесі бағалау кезеңі – құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125-тен аспайтын үміткер жіберіледі. Құзыреттер бойынша сұхбат 20-28 қараша аралығында кәсіби HR менеджерлердің қатысуымен жеке құрылымдалған сұхбат түрінде онлайн форматта жүргізіледі. Сұхбат барысында үміткерлердің ішкі ынта-жігерінің деңгейі мен олардың құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттер туралы барынша объективті түсінік алуға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады. Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңі – Сарапшылық комиссияда әңгімелесуге ең жақсы нәтиже көрсеткен 100-ге жуық үміткер жіберіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 үміткер алынады.