27 қазан: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

27 қазан: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

27 қазан: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1953 жылы 27 қазанда Мойынты – Шу теміржолы іске қосылды. Жолдың Қазақстан халық шаруашылығы үшін маңызы зор болды. Қарағандының арзан көмірі елдің оңтүстік аймақтарына жеткізіле бастады. Әрі Орталық Азия республикаларымен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Құрылыс Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан КП Орталық Комитетінің шешімімен 1947 жылы басталған болатын. 1956 жылы Арқалық елді мекені жұмысшы ауыл мәртебесін алып, Бүкілодақтық комсомол екпінді құрылыс нысанына айналды (ең алғашқы болып болашақ қаланың кірпішін Ригадан келген комсомол жастар уәкілдері қалаған). 1999 жылы бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан «Қазфосфат» ЖШС компаниясы құрылды. «Қазфосфат» ЖШС – темір жол-көлік кешенінің өз қаражатымен фосфаттарды өндіруден бастап жеткізуге және оларды түпкілікті өнімге қайта өңдеуге дейінгі өз меншігінде толық желісі бар Қазақстан аумағындағы бірегей компания. 2005 жылы Елбасы Н. Назарбаев Татарстанның президенті Мінтемер Шаймиевке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті. Кездесу барысында Минтимер Шаймиевтің бауырлас қазақ-татар халықтарының арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға, Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығын күшейтуге қосқан үлесін және көпұлтты Татарстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы айрықша рөлін ерекше атаған Елбасы Татарстан Президентінің кеудесіне Мемлекеттік сыйлықтың алқасын тақты. Өз кезегінде Қазақстан Президентіне шексіз алғысын білдірген Татарстан басшысы бейбітшілік болмаса, ешқандай даму туралы сөз де болмайтынын айтты. «Барлығы да бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізінде дамуға қол жеткізгісі келеді. Бірақ ол әркімнің қолынан келе бермейді», - деген Минтимер Шаймиев аталған сыйлықты қиын-қыстау жылдарда да елде ұлтаралық келісімді, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай білген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алудың өзі үлкен мәнге ие екенін атап көрсетті. 2007 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Алтын жүрек» сыйлығы алғаш рет табыс етілді. Алғашқы «Алтын Жүрек» сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде Шыңғыс Айтматов құрметті қонақ болды. «Алтын жүрек» – Қазақстан аумағында қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың қосқан үлесі үшін жыл сайынғы қоғамдық ұлттық сыйлық. «Бауыржан» қайырымдылық қоры құрған. Жобаның символы және басты марапаты –алтын жалатылған қоладан және сапфир тастан қан тамшысы бар жүрек мүсіні, ал шын диплом – мөлдірлік пен тазалықтың символы. 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әлемдік педагогикалық ойлар антологиясының қазақ тіліндегі алты томын шығарды. Антология көне заманнан осы уақытқа дейін әлемдік танымал педагогикалық еңбектерді қамтиды. 2010 жылы Қазақстанның «Ұлттық аккредитация орталығы» ILAC MRA Зертханаларды аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қол қойды. 2011 жылы танымал жазушы, драматург, публицист, қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушы тұлға Жүсіпбек Аймауытовқа (1889-1930) туған жері Баянауыл ауылында ескерткіш қойылды. 2015 жылы Айдын Айымбетов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ресми елшісі атанды. Тиісті сертификатты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов тапсырды. Сонымен қатар ғарышкерге «Қазақстан, Байқоңыр, Союз ТМ-18М» деген жазуы бар ғарыш кемесінің металынан жасалған сағаттар берілді. 2017 жылы қазақтың танымал «Дударай» әнінің кейіпкері Мария Рекинаның жерленген жері Ақмола облысының киесі нысандар картасына енгізілген. Аңыз – әңгіме : Қоныс аударып келген орыстың қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен арасындағы махаббаты туралы аңыз сақталған. Дәстүр бойынша жастардың бақытына жол берілмеген. Марияны көрші ауылдағы адамдар құда түсіп, бірақ Мария бұндай тағдырға қарсылық білдіріп, далаға қашады, сол кездегі аңызда таңымал «Дудар-ай» әні шығады. Мария өзінің сүйген жігіті Дүйсенді осылай атаған. Дүйсеннің ата-аналарының жүрегі қатты қорқып. Жастарды үйлеріне қайтарып, үйлену тойын тойлаған болатын. Жастар қиыншылыққа шыдап, соңында махаббатары берік болды. Бірақ бақыттары ұзағынан болмады. Үйлену тойынан кейін Дүйсенді патшалық әскерге шақырады, бұл жерде өкпе ауыруына шалдығып, Дүйсен қайтыс болды. Бәлкім, қарсы келегендерді тағдыр жазалаған шығар. Жесір қалған әйелі сол кезде 18 жаста болды. Уақыт өте. Мәрия басқаға шығып төрт баланың анасы болады. Жолдасы жақсы адам болып, жүрегі ашық және Мәриямды өте жақсы көрген. Мәриям да, өз сүйспеншілігімен сыйласып, жүрегінің бір бөлшегінде Дүйсенді есінде сақтады. Мәриям апайымыздың ұзақ ғымыры Қорғалжын ауданы Кенбидайық ауылында өтті. Мәриям Егорқызы Рекина 1899 жылы туған. Екінші дүниежүзік соғыс кезінде Мәриям апай өз өлеңдерін соғысқа аттанған жерлестеріне арнаған. Соғыстан кейін Мариямға «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері» деген атақ берді. «Дударай» әні махаббат, жылулыққа және әртүрлі ұлт өкілдерінің достық рухына толы. 2018 жылы «Әміре» фильмі Лос-Анджелесте өткен Hollywood Film Festival Халықаралық кинофестивалінің байқауында жеңіске жетті. Қазақстандық фильм байқаудың бірінші кезеңінде Silver Screen Award марапатына ие болды.