Жаңа қаулы: Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Жаңа қаулы: Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Жаңа қаулы: Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында коронавирусқа байланысты карантин шектеулерінің мерзімі ұзартылды. «Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында. Қаулыға сәйкес, жұртшылық көп шоғырланатын іс-шаралардың өтуіне тыйым салынған. Оның қатарында туған күн, мерейтойлар, той және басқа да отбасылық мерекелер бар. Дегенмен «Ashyq» жүйесіне қатысатын мекемелер жұмыс істей алады. Әрине, келушілердің мәртебесі «жасыл» болуы қажет. Қалада 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруына да шектеу қойылған. Сонымен қатар, бас дәрігердің қаулысында қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықты сақтау, маска тағу және антисептикті қолдану керектігі айтылған. Одан бөлек, көпшілік қоғамдық тамақтану орындарында кальян тартуға тыйым салынды. Бұл ретте, «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары демалыс күндері түнгі сағат 03:00-ке дейін, ал аталған жүйенің белсенді қатысушылары таңғы сағат 05:00-ке дейін жұмыс істеу құқығына ие. Сондай-ақ қаулыға сәйкес, «Ashyq» жүйесінде қызметкерлерінің «жасыл» мәртебесі бар кәсіпорындар демалыс күндері жұмыс істей алады. Алайда, мекемеге келушілердің де «жасыл» статусы болуы тиіс. Шымкент қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді және толығырақ қаулымен сілтеме арқылы танысуға болады.