Жемқорлық: Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот шешімі шықты

Жемқорлық: Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот шешімі шықты

Жемқорлық: Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот шешімі шықты
ашық дереккөзі
Петропавл қалалық сотында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген болатын, – деп жазды Tengrinews.kz. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша жазаға тартылған. Жекеменшік медицина мекемелерінің бірінің директоры Айнагүл Қарабаева да пара бергені үшін айыпталған.  />

Сот отырысында айтылған мәлімет бойынша, үш жас маман жекеменшік емханаға бөлінген. Алайда мәслихат шешімі бойынша оларға қосымша жәрдемақы бөлуден бас тартылған. Мекеме директоры бұл мәселені қайта қарауға Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы көмектесе алатынын білген.

Айыптаушы тараптың айтуынша, сол кезде А.Қарабаева облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына 200 мың теңге көлемінде пара беруді көздеген, бірақ ол пара мөлшерін талқыламаған.