Жемқорлық: Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот шешімі шықты
Жемқорлық: Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот шешімі шықты
Петропавл қалалық сотында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген болатын, – деп жазды Tengrinews.kz.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша жазаға тартылған. Жекеменшік медицина мекемелерінің бірінің директоры Айнагүл Қарабаева да пара бергені үшін айыпталған.