18 жастағы жігітті қағып өлтірді: көлік жүргізушісі қашып кеткен

18 жастағы жігітті қағып өлтірді: көлік жүргізушісі қашып кеткен

18 жастағы жігітті қағып өлтірді: көлік жүргізушісі қашып кеткен
ашық дереккөзі
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 қазан күні кешкі сағат 20:30 шамасында Талғар қаласында 18 жастағы жігітті көлік қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. «Белгісіз көлік жүргізуші қаланың Менделеев көшесімен келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды. Іс қылмыстық кодекстің екі бабы яғни, ҚР КҚ 345 бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 347 бабы бойынша қозғалды. Талғар ауданының полицейлері тергеп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында. Яғни, адамды абайсызда көлікпен қағып өлтіргені үшін және оқиға орнынан қашып кеткені үшін көлік жүргізуші қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотталады. «Қазір қашып кеткен көлік жүргізушінің көлігін, өзін іздеу жұмысы жүргізілуде», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. Айта кетейік, баланы көлік қаққан сәт бейнебақылау камерасына жазылған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.