"Бриллиантовая рука" фильміне түскен актриса жоғалып кетті

"Бриллиантовая рука" фильміне түскен актриса жоғалып кетті

"Бриллиантовая рука" фильміне түскен актриса жоғалып кетті
ашық дереккөзі

Мәскеуде танымал актриса Светлана Светличная хабар-ошарсыз кетті. Туыстары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз берген.

Бұл туралы РИА Новости жазды. 81 жастағы актрисаның ұлы анасы 21 қазанда жоғалып кеткенін мәлімдеді. Ол бір ай бұрын көшіп барған пәтерінде болмаған, телефон қоңырауына жауап бермеген. Пәтерде құжаттары мен қомақты ақшасы бар рюкзактар табылды, актрисаның жеке заттары жоғалмаған. Түсірілім кезінде алған жарақатынан кейін актрисада деменция белгілері байқалған.
"Олар 20 қазанда телефон арқылы сөйлескен, актрисаның үйден шығып, пәтерге оралғаны да белгілі. Сол күні күзетшінің айтуынша, түсірілім тобы Светлана Афанасьевнаның үйіне келген. Олар кеткенде, актриса үйде қалған. Шамамен 17.00-де актриса белгісіз нөмірден туысына қоңырау шалып, түсініксіз әңгіме айтқан. Кейінірек сол күні оған біреу жедел жәрдем шақырғаны анықталды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан. 22 қазанда туыстары актрисаның тұрғылықты жеріне келді, бірақ ешкім пәтердің есігін ашпаған, ұялы телефонына жауап бермеген. Содан кейін өздерінің кілттерін пайдаланып, пәтерге кірген, бірақ үйде ешкім болмаған. Белгісіз нөмірден қоңырау шалғаны есіне түсіп, туыстары сол нөмірге қоңырау шалған. Телефонды әйел адам көтерген, актрисаның жоғалғаны туралы ақпаратты тыңдап, қазір сөйлесуге қолайсыз екенін айтып, содан кейін нөмірді бұғаттап тастаған. Содан кейін туыстары полицияға арыз беруге мәжбүр болды", - деп жазады басылым.
"Мәскеудің Богородское ауданында 81 жастағы әйел жоғалып кетті, ол - актриса Светлана Светличная", - деді агенттікте.
ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметі аты-жөнін атамай, сол жылы туған әрі сол ауданнан әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, бұл дерек бойынша тексеру басталып, әйел іздестіріліп жатыр.Ал актрисаның досы, актер Иван Николаев Светлана Светличнаяның жоғалып кетпегенін, бірақ туыстарына жақын жерге көшкенін, бұл туралы БАҚ-та айтқысы келмейтінін айтты.