__Маңызды

Асқар Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

ПремьерМинистр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегісанитарлықэпидемиологиялық жағдай қаралды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, НұрСұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

Қазақстандағы санитарлықэпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған. Вирустың репродуктивті индексі – 0,96.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы«жасыл аймақта», НұрСұлтан және Алматықалалары, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан. Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұр.

Бүгінгі таңда 8,2 млннан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млннан астам адам екінші компонентін алды.

Көрші елдердегі санитарлықэпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлықэпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттану деңгейіне мониторинг жүргізужәне жедел шаралар қабылдау, сондайақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен НұрСұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңызын түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.

Back to top button