Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық декларациясына қол қойылды

Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық декларациясына қол қойылды

Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық декларациясына қол қойылды
ашық дереккөзі

Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери білім шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Қазақстан делегациясы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери білім беру жүйесімен, оқу-материалдық базасымен танысты.Тараптар екі елдің әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша Әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралыдекларацияға қол қойылды.