Жаңалықтар

Жамбыл облысында жемқорлыққа қатысты қылмыс 40 пайызға азайған

ашық дереккөзі

Жамбыл облысында жемқорлыққа қатысты қылмыс 40 пайызға азайған

Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 40 пайызға азайған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Жамбыл облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың саны өткен жылға қарағанда 40 пайызға азайғандығы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Әділхан Әшірбаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелеріне тоқталды.