Жастар қанатының өкілдері «Жастар-Отанға!» бағдарламасының орындалуын тексерді
Жастар қанатының өкілдері «Жастар-Отанға!» бағдарламасының орындалуын тексерді
«Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев Павлодар облысына іссапармен барды. Сапар барысында Жастар қанатының басшысы облыстың жас депутаттарымен, жасотандықтармен, NEET санатындағы жастармен кездесіп, жастарға қатысты нысандарды аралады.
Жас депутаттар корпусымен кездесу барысында жастар саясатын дамыту, сондай-ақ партияның сайлауалды және 2025 жалға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламаларының жол карталарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, партияның облыстық филиалының өкілдері және «Jas Otan» облыстық филиалының жетекшісі Санира Жүсіповамен бірге «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жол карталары аясында студенттік жатақханалар құрылысының барысымен танысты.
Жол картасы индикаторларының орындалуын бақылау мақсатында, бірінші нысан Торайғыров университетінің 600 орындық жатақханасының құрылысы болды. Жобаның құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.