Күн райы бұзылады: синоптиктер ескерту жариялады

Күн райы бұзылады: синоптиктер ескерту жариялады

Күн райы бұзылады: синоптиктер ескерту жариялады
ашық дереккөзі

«Қазгидромет» 26 қазан күні бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, желдің күші 15-20 м/с артады. Ақмола облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі ықтимал. Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артады. Сондай-ақ 27-28 қазанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз 26 қазанда екпіні 25 м/с артады.