Жаңалықтар

Ақтөбе полицейлерінің кабинетіне бейнебақылау орнатылады

ашық дереккөзі

Ақтөбе полицейлерінің кабинетіне бейнебақылау орнатылады

Желтоқсаннан бастап тергеушілердің, жедел уәкілдердің және халықпен жұмыс істейтін басқа да полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде бейнекамералар орнатылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбеге барған Сәкен Сәрсенов Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылуымен танысты. Облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуде ішкі істер министрінің орынбасары Мемлекет басшысының қылмыстық істерді тергеуді электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ халықпен жұмыс істейтін тергеушілердің, жедел уәкілдердің және ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлерінің кабинеттерінде бейнебақылау орнату жөніндегі тапсырмаларының өңірде іске асырылу барысын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, ел бойынша полиция бөлімдеріне жаппай бейнебақылау орнатылып жатыр.