Жаңалықтар

Өскемен перзентханасында ана мен сәбиі көз жұмды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазан айының ортасында «Ана мен бала» орталығында әйел мен нәресте көз жұмды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл факті бойынша тергеу амалын жүргізуде.

«Орталық қызметкерлеріне қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ алдағы уақытта полицейлер аталған мекемеге жоспардан тыс тексеру өткізуді жоспарлап отыр.

Back to top button