Қырғызстанда бір кафеден тамақтанған 85 адам уланып қалды

Қырғызстанда бір кафеден тамақтанған 85 адам уланып қалды

Қырғызстанда бір кафеден тамақтанған 85 адам уланып қалды
ашық дереккөзі
25 қазан күні таңғы 7:30-дағы жағдай бойынша Теміржол ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне қаралғандар саны 85-ке жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. ҚазАқпараттың Кабар агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, қазіргі кезде бір науқас ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты. Қалған қаралушылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Эпидемиологиялық зерттеудің барысында зардап шеккендердің бір кафенің түрлі жерлерде орналасқан филиалдарынан тамақтанғаны анықталды. МСЭҚК мамандары эпидемиологиялық зерттеуді жалғастырып жатыр. Кеше 12 адамның «Империя пиццы» кафесінің төрт филиалында тамақтанғаннан кейін уланғаны туралы хабарланған еді.