Жаңалықтар

Шымкентте әжейдің телефонын алып қойған полицейлер жұрттың ашуына тиді

Шымкентте полиция қызметкерлері базар маңында сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, – деп хабарлайды

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, оқиға 24 қазанда Шымкенттегі «Қырғы базары» маңында болған.

Полицейлер мен әжейді жақтаған тұрғындар арасындағы жанжал видеоға түсірілген. Тұрғындар әжейге белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін айыппұл салмақ болған полицейлердің әрекетіне наразы.

«Бүгін Шымкенттегі «Қырғы базарының» кіреберісінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге 2 полицей келіп, заңсыз сауда жасағаны үшін айыппұл салмақ болды. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда, телефонын да алып қойған», – делінген видео сипаттамасында.

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полициясы пікір білдірді.

«Бұл жайт Әл-Фараби ауданы аумағында белгіленбеген жерде жасалған сауда деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде болған. Қазіргі уақытта видеода көрсетілген Әл-Фараби АПБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – деп жауап берген полиция өкілдері.

Back to top button