Коронавирус: еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа өтті, – деп жазды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.