Жаңалықтар

Коронавирус: еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр

25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа өтті, – деп жазды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Back to top button