Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Джорджия (АҚШ) ITF W80 турнирінің финалында ұтылып қалды, – деп жазды Sports.kz. Әлемнің 104-ракеткасы Зарина финалда осы жарыстың 1-ракеткасы Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін үш рет кездесіп, соның екеуінде Зарина жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда М.Бренгл 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте З.Дияс дәл сондай есеппен қарымта қайырды. Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бренгл брейк жасап, алға кеткенімен, Зарина сол бойда таразы басын теңестірді – 3:3. Бұдан кейін де қарсыластар брейк алмасты. Ақыры америкалық теннисшінің жолы болды – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 38 минутқа созылды.