Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

25 қазан, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі «Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.  Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.