Жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Back to top button