«Түркиядан кетсін». Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды

«Түркиядан кетсін». Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды

«Түркиядан кетсін». Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды
ашық дереккөзі
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 10 мемлекеттің елшісін персона нон грата деп жариялап, елден шығаруды бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың ішінде АҚШ, Германия, Франция, Канада және тағы басқа елдер бар. Ал бұл елдердің дипломаттары наразылық шерулерін қаржыландырды деп айыпталған құқық қорғаушы Осман Каваланы босатуды ұжымдық тұрғыдан талап еткен. Оған 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деген де айып тағылған болатын.
«Түркияның Сыртқы істер министрлігіне келіп, бізге бұйрық беруге болмайды. Осы мәселеге қатысты мен Сыртқы істер министріне бұл 10 дипломатты шұғыл түрде персона нон грата деп жариялап, елден шығаруды бұйырдым», дейді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Ал кәсіпкер Осман Кавала өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Құқық қорғаушы 2017 жылдан бері түрмеде отыр. Былтыр сот одан наразылық шерулерін қаржыландырды деген айыпты алып тастаған еді. Алайда жоғарғы сот бұл шешімді жойып, 2016 мемлекеттік төңкеріспен байланысты жаңа айыптар тақты. Құқық қорғаушылар бұл Ердоғанның идеологиялық қарсыластары елде қалай қуғынға ұшырап жатқанының көрінісі дейді.