Facebook-тің жаңа атауы Meta.com болуы мүмкін

Facebook-тің жаңа атауы Meta.com болуы мүмкін

Facebook-тің жаңа атауы Meta.com болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Бұл туралы домен брокері Павел Гросс-Днепров өзінің Facebook аккаунтында жазды. Маман соңғы айда .com аймағында домендердің жаппай сатып алынғанын байқады. Бұл туралы Azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап Turkystan хабарлайды. "Facebook домендерімен айналысатын компания сатып алады. Сондықтан менің ойымша Meta.com болады", -  деді ол. Айта кетейік, Facebook-тің атауын өзгертетіні жайында 20 қазанда белгілі болды. Verge порталы дереккөзге сілтеме жасай отырып, өзгерістер бірнеше күннен кейін күтіледі деп жазды. Дереккөз компания басшылығы бұл атаудың метағаламға бағытталғанын қалайды деп жазған еді. Оны құру үшін американдық компания Еуропалық Одақ елдерінен 10 мың инженер жалдауды жоспарлап отыр. Виртуалды ғаламда пайдаланушылар сандық кеңістіктер арқылы  «телепорт» жасай  алады. Пайдаланушылар VR (виртуалды) немесе AR (кеңейтілген шындық) режимдерінде бірге ойнауға, сөйлесуге немесе жұмыс істеуге қосыла алады.