Петропавлда 33 жылда бірінші рет банан жеміс берді

Петропавлда 33 жылда бірінші рет банан жеміс берді

Петропавлда 33 жылда бірінші рет банан жеміс берді
ашық дереккөзі

Петропавлда банан жеміс берді. Ботаникалық бақтың қызметкерлері тропикалық өсімдік 33 жыл бойы жеміс бермегенін айтады, деп хабарлайды 24.kz. «Енді қаңтар айында пісіп жетілуі тиіс», - дейді мамандар. Оның дәнін оранжереяға агрономдар Вьетнамнан әкелген екен. Ботаникалық бақта сонымен қатар мандарин, лимон, папайя секілді жеміс ағаштары жайқалып тұр. "Қазір бұл кішкентай аналық тұқымдар. Бұған дейін банан өсімдігі бір де бір рет жеміс бермеді. Соңғы жылдары тіпті гүлдеуін де қойған. Сосын басқа жерге егіп көріп едік бірден өсіп шықты", дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Разяпов.