Спорт

Тәліптер Ауғанстан әйелдер құрамасының волейболшысын өлім жазасына кескен

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының өкілдері Ауғанстан әйелдер құрамасының волейболшысы Махджубин Хакимидің басын шауып, оның суреттерін әлеуметтік желілерге жариялаған. Бұл туралы Eurosport сайты хабарлайды.

Әйелдер командасы бапкерінің айтуынша, бұл оқиға Кабулда әйел спортшыларды іздестіру операциясы кезінде болған.

«Барлық әйел волейболшылар мен қалған спортшылардың жағдайы жаман, олардың бойын үрей билеп, қорқып жүр. Барлығы қаладан қашып, әр түрлі орынға жасырынуға мәжбүр», – дейді бапкер.

Белгілі болғандай, Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ауған волейболшысының өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

Back to top button