Жаңалықтар

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев ақталып шықты

ашық дереккөзі

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев ақталып шықты

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық сотында Қазақстанның Тұңғыш Президенті резиденциясы аумағындағы Қарасу көлін тазалау кезінде ақша жымқырды деген айыптау ісі бойынша үкім шықты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев ақталып шықты. Сот Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековті қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақтады, - деді үкімді оқыған судья Кемеңгер Имашев. Вице-министрлерден бөлек, бұл іс бойынша тағы алты адам сотталған еді. Олардың барлығы да ақталды.