Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мысыққа арналған COVID-19 вакцинасының таныстырылымы өтті

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда мысыққа арналған COVID-19 вакцинасының таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтанда мысыққа арналған naruvax-C19 (pets) атты коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина таныстырылды. Бұл туралы ғалым, ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Қайсар Табыновтың айтуынша, мысықтарға арналған вакцина Нұр-Сұлтандағы Kazagro/Kazfarm-2021 халықаралық көрмесінде ұсынылған.