«Nur Otan»: азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды
«Nur Otan»: азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы тұрақтандыру қоры мен 12 өндіріс құру мәселесі партияның ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында осы жылы бірнеше құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылды, атап айтқанда, бетон зауыты, тас төсеуіш және құрғақ қоспалар өндірісі.
21 қазанда «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы кезінде партия мүшелері Индустриялық саябақтағы «Format Pro» ЖШС және «ТАЛ Инженеринг Казахстан» ЖШС кәсіпорындарын аралады.