Күдікті ұсталды: Павлодар облысында іс-түссіз жоғалған әйел орманнан өлі табылды

Күдікті ұсталды: Павлодар облысында іс-түссіз жоғалған әйел орманнан өлі табылды

Күдікті ұсталды: Павлодар облысында іс-түссіз жоғалған әйел орманнан өлі табылды
ашық дереккөзі

Павлодар облысының орман алқабынан жоғалып кеткен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

"21 қазан күні сағат 19.30-да Павлодар ауданы Мичурино ауылының шетіндегі орманда денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен Шарбақты ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам УҰИ-ға қамалды. 41 жастағы әйел 17 қазанда жоғалып кеткен.