Демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

Демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

Демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында күн жылынады
ашық дереккөзі

"Қазгидромет" баспасөз қызметі 23-25 қазан аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі. Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ауа температурасының төмендеуіне әкеліп соқтыратын Солтүстік циклон әсер ететін болады", - деп хабарлады "Қазгидромет"