Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты жұмыс істемей тұр

Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты жұмыс істемей тұр

Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты жұмыс істемей тұр
ашық дереккөзі
Бұл деректі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ растады. «Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы жұмыс істемей тұр. Ақауды жою үшін жұмыс істеудеміз. Уақытша қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.