Жаңалықтар

Тергеу басталды: Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысып қалды

Алматы әуежайында ұшақ пен автокөлік соғысып, осы оқиға бойынша тергеу басталды.

«Ұшақ Бакуден ұшып шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 06:43-те қонды. Ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соғысып қалды. Әуе кемесі FlyJet.kz компаниясына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады ведомствадан.

Back to top button