Жаңалықтар

24 адамға жетті: Ресейде метил спиртінен уланып, көз жұмғандар саны артуда

Ресейдің Свердлов облысында метил спиртінен улану салдарынан көз жұмғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы сотта журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі мәлімдеді.

ҚазАқпараттың ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны 24 адам. Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған.

7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам тұрғындарға метил спиртін өткізген. РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Back to top button