Коронавирус: еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 22 қазандағы жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.