Жаңалықтар

Қордай тасжолында жылқы қағып кеткен көлік жүргізушісі көз жұмды

Қордай ауданындағы тас жолда жылқыны қағып кеткен автокөлік жүргізушісі көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлік жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған тағы 2 жолаушы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Back to top button