Жарылыстан үйсіз қалған отбасына баспана берілді

Жарылыстан үйсіз қалған отбасына баспана берілді

Жарылыстан үйсіз қалған отбасына баспана берілді
ашық дереккөзі

Газ балоны жарылып, соның салдарынан  үйсіз қалған отбасы баспаналы болды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғыны Бақтыбаев Серік «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Тұрымов Мараттың қабылдауында болып, отбасының өте қиын жағдайға тап болғанын айтқан. Газ балоны жарылып, үйі ортасына түсе қираған отбасы далада қалғанын жеткізген. Өтініш иесін қабылдаған «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Тұрымов Марат аталған мәселені алдағы уақытта жеке кәсіпкерлерден және аудан тұрғындарынан көмек сұрайтынын жеткізді. Жеке кәсіпкердің  демеушілігімен және аудан тұрғындарының жанашырлығының, ел азаматтарының арқасында  аталған мәселе оң шешімін тапты. Бақтыбаевтар отбасына Сәрсенбаев көшесінен жиналған қаражатқа заманауи үлгіде баспана бой  көтерді. Бақтыбаевтар отбасы ауыл тұрғындарына жеке кәсіпкергелерге алғыстарын білдірді.