Тұрғындарға газ шашқан ер адам психо-неврологиялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылды

Тұрғындарға газ шашқан ер адам психо-неврологиялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылды

Тұрғындарға газ шашқан ер адам психо-неврологиялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылды
ашық дереккөзі
Шахтинск қаласының 41 жастағы тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан адамдарға газ баллоннан шашқаны үшін қамауға алынды. ҚазАқпараттың жазуынша, ер адам Қарағандының сауда үйлерінде өтіп бара жатқан адамдарға «шабуылдаған». Ол ешқандай себепсіз адамдарға баллоннан газ бүркіп, қорқытқан. Осы әрекеттері үшін оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары оны бұған дейін де жауапқа тартқан. «О.Максимовқа Бұқар Жырау даңғылы бойындағы «Мини Маркет» дүкенінің жанында қоғамдық орында былапыт сөйлеп, адамдарға тиіскені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны анықталды. Бұған дейін ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза көзделген. Максимовтың осыған ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғанын ескере отырып, сот оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. Әкімшілік жазадан басқа, ер адам психо-неврологиялық ауруханада мәжбүрлеп емделуге жіберілді.