Жаңалықтар

Ақмола облысында орманда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты іздестіріліп жатыр

Ақмола облысында орманда жоғалып кеткен ерлі-зайыптыны еріктілер мен тәртіп сақшылары 20 қазаннан бастап іздеп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

20 қазан күні түнгі сағат он екі шамасында Зеренді АПБ кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол 66 жастағы әкесі Қайыржан Баялинді және 67 жастағы анасы Алтынай Баялинаны іздеуге көмектесуді сұраған.

«Ерлі-зайыпты қазанның 20-да Зеренді ауданының Қошқарбай ауылына дала жолымен бет алған және Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы орман алқабында адасып кеткен. Ақауы бар «Хонда» автокөлігі орманнан табылды. Жоғалған адамдарды іздеуге Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы бағытталған. Іздеуге жергілікті тұрғындар, еріктілер де тартылды», – деді ведомстводан.

«Жоғалған адамдардың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 102 телефонына хабарлауды сұраймыз», — деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД.

Back to top button