Жаңалықтар

Театр майталмандары «Бөрте» қойылымын талдады

ашық дереккөзі

Театр майталмандары «Бөрте» қойылымын талдады

20 қазан күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Заманауи театр өнеріндегі инновациялық-мультимедиалық ізденістер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – таяуда Түркістан музыкалық драма театрында премьерасы өткен Д.Исабековтың «Бөрте» қойылымының шығармашылық жетістігін, мультимедиалық жаңашылдығын, шетелдік мамандардың қолданған тәжірибесін талдау болды.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауында «Креативті индустрияны» театр саласы бойынша дамыту үшін үздік мультимедиалық спектакльдер шығару, мультимедиа-сценограф мамандарын сапалы дайындау мен мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Алғысөз Түркістан театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасароваға берілді. 

«Түркістанның тарихы терең болғанымен, буыны әлі бекімеген жаңа қала ретінде қалыптасып жатыр. Туризмге акцент қойылғандықтан, біздің мақсат – киелі Түркістанды әлемге, алыс-жақын шетелге таныту болды», – деді ол.

Айта кетейік, «Бөрте» спектаклін қоюға Италиядағы Генуя ұлттық театрының директоры, белгілі режиссер, актер әрі композитор Давиде Ливерморе, екінші режиссер ретінде Америкада, Германияда өз қолтаңбасын қалыптастырған италиялық Карло Шаккалуга мен сценограф Анна Варалдо шақырылған.