Театр майталмандары «Бөрте» қойылымын талдады

Театр майталмандары «Бөрте» қойылымын талдады

Театр майталмандары «Бөрте» қойылымын талдады
ашық дереккөзі

20 қазан күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Заманауи театр өнеріндегі инновациялық-мультимедиалық ізденістер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Мақсатытаяуда Түркістан музыкалық драма театрында премьерасы өткен Д.Исабековтың «Бөрте» қойылымының шығармашылық жетістігін, мультимедиалық жаңашылдығын, шетелдік мамандардың қолданған тәжірибесін талдау болды.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауында «Креативті индустрияны» театр саласы бойынша дамыту үшін үздік мультимедиалық спектакльдер шығару, мультимедиа-сценограф мамандарын сапалы дайындау мен мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

 width=

Конференцияға ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, автор-драматург Дулат Исабеков, Түркістан музыкалық драма театрының директоры Айнұр Көпбасарова, ҚР «Театр қайраткерлері қоғамының» төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, «Өнертану» факультетінің деканы, театртанушы Меруерт Жақсылықова, «Сценография» кафедрасының меңгерушісі, өнертанушы Сәнгүл Қаржаубаева, «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» президенті, театртанушы Анар Еркебай мен академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, шараның модераторы Қабыл Халықов қатысты.

Сондай-ақ, бейнеконференция байланысы арқылы «Бөрте» спектаклінің қоюшы-режиссері Карло Шаккалуга мен облыс театрларының басшылары, театр мамандары, сценографтар, оқытушылар мен студенттер, магистранттар мен докторанттар онлайн форматында қосылды.

 width=

Алғысөз Түркістан театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасароваға берілді. 

«Түркістанның тарихы терең болғанымен, буыны әлі бекімеген жаңа қала ретінде қалыптасып жатыр. Туризмге акцент қойылғандықтан, біздің мақсаткиелі Түркістанды әлемге, алыс-жақын шетелге таныту болды», – деді ол.

Айта кетейік, «Бөрте» спектаклін қоюға Италиядағы Генуя ұлттық театрының директоры, белгілі режиссер, актер әрі композитор Давиде Ливерморе, екінші режиссер ретінде Америкада, Германияда өз қолтаңбасын қалыптастырған италиялық Карло Шаккалуга мен сценограф Анна Варалдо шақырылған.

 width=

Келесі сөз кезегі онлайн байланысқа шыққан спектакльдің режиссері итальяндық Карло Шаккалугаға берілді

«Қазіргі заманауи театрларда технологияларға сұраныс өте жоғары. Айнұр Сайлаубайқызының басшылығындағы театр «Бөрте» қойылымында жаңа технологиялар мен бұрынғы мәдениетті, дәстүрді үйлестіруді мақсат етті. Біздегі ой – кеңістіктің шексіздігін көрсету болды. Көрермендерге жазық далада жүргендей сезім қалдырғымыз келді. Өте үлкен лед экран, эскалатор, проекция жасайтын қондырғылар мен айналар арқылы ерекше қойылым жасауға тырыстық», - деді спектакльдің режиссері.

Конференция барысында спектакль турасында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

2018 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының у.м.а. Шәріпбек Әмірбековтың бастамасымен «Мультимедиялық сценография» мамандығы ашылған болатын.

Осыған орай, «Сценография» кафедрасының меңгерушісі Сәнгүл Камалқызы «Бөртеде» мультимедиалық сценография элементтері жаhандану заманында сәтті қолданылғанын айтып, алдағы уақытта Түркістан музыкалық драма театры мен Карло Шаккалугамен ынтымақтастық орнатып, шетелдік тағылымдамалар, онлайн және офлайн форматта мастер-класстар өткізуге ниет білдірді.

«Бөрте» қазақ театрының тарихына жазылатын тың дүние. Түркістан театрының басшылығына сәттілік, әлемдік деңгейдегі премьералар тілейміз.