Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, – деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Ақмола облысы поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская патриоттық TikTok жоба жасауды ұсынды.

«Сіз балаларды, өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызық ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын жән облыс әкімдерін де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашқан сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік те. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түрімен, оның ішінде домбырамен айналысатынын көрдім. Бұл – қуантарлық жайт. Дегенмен, біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Ал олардың саны өте көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба құру туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

«Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша Tik-Tok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында бұл – өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен Tik-Tok-та отырады. Бұл – біздің өміріміздің шындығы», – деді Мемлекет басшысы.

Back to top button