Есболат Айдабосын, жазушы: Жетісулық Алаш қайраткерлері толық зерттеліп болған жоқ

Есболат Айдабосын, жазушы: Жетісулық Алаш қайраткерлері толық зерттеліп болған жоқ

Есболат Айдабосын, жазушы: Жетісулық Алаш қайраткерлері толық зерттеліп болған жоқ
ашық дереккөзі

Алматы облысы − еліміздегі ең ірі аймақтың алдыңғы қатарында. Тәуелсіздік дәуірінде барлық жағынан дамыған облыс. Сондықтан бұл өлкеде тәуелсіздік кезеңінде мәдени-рухани салада қол жеткен жетістіктер жөнінде белгілі қаламгер Есболат Айдабосынмен сұхбаттасқан едік.

– Жер жәннаты Жетісу өлкесіндегі Алматы облы­сы еліміздегі халқы көп, жері кең облыс. 1944 жылдан бері әкімшілік жағынан бірнеше рет өзгеріске түскен Алматы облысы 1997 жылы Талдықорған облысымен қосылып, жаңа әкімшілік орталық Талдықорған қала­сына көшіріліп, жаңа даму жолына түсті. Содан бері облысты бесінші әкім басқарып отыр. Қайсы әкімнің тұсында облыс көркейіп дамыды, қандай экономи­калық мәдени жаңалықтар болды? – 1997 жыл дегеніміз мемлекетіміздегі бетбұрыс кезеңі ғой, экономикалық даму көр­сеткішін қарасаңыз, 1993 жылдан то­қырау басталған. Содан бастап экономикалық көрсеткіштер төмендеп, тап осы 1996-1997 жылдары тоқтап, сәл-пәл өскен. Яғни, мем­лекеттің дағдарыстан шығып, дамуға бет алған тұсы, Президенттің «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялап, алдыға амбициялық мақсаттар қойғаны – осы жылдар. Бұл жыл­дары мен 11-сынып оқушысымын. Ауылымыз Алматы-Бішкек тасжолына жақын еді, жұрт жаппай саудаға шығып жанын бақты. Же­кеменшікке жер алып, қыстауларды иеленіп, жеке шаруа қожалығын құрып жатты. Менің де әке-шешем сол жылдары тыным таппады, мал бақты, сауда жасады, егін де екті. Үкі­меттен ештеңе сұраған жоқ, сұрағанмен де берері жоқ еді. Жыртықты жамап киіп, тар­тып жеп, тақұл-тұқыл тірлік кешіп, әйтеуір дағ­дарыстан шықтық. Алматы облысының ор­­талығы сондай елең-алаң шақта Талды­қор­ғанға көшті. Талдықорғанның байырғы тұрғындарын сөйлетсеңіз, қала өміріне сәйкеспейтін небір қиындықтарды өткер­генін айтады. Бүгін интернет бір сағатқа өшіп қал­са айғай саламыз ғой, ал ол кезде жарық, жылу өшіп қалатын десек, бүгінгі балалар се­­не қоймас. Сол қиындықтар қазір көрген түс­­тей. Өңірдің дамуына Заманбек Нұр­қаді­лов­­тің, Шалбай Құлмахановтың, Серік Үмбе­тов пен Аңсар Мұсахановтың, қазіргі әкім Аман­дық Баталовтың және олардың коман­даларының үлкен-кішілі үлесі бар. Оны бір сөз­бен айту түгіл, бір сұхбатта қамту қиын. − Алматы облысында облыстық әкімшілік тарапынан жергілікті қалам­герлерге жасалып жатқан қам­қор­лық туралы жиі естиміз. Яғни, қаламгерлерге үй беру, кітаптарын шығару деген секіл­ді. Осы дәстүр қай әкімнің тұсында бас­тал­ған, кім бастаған? – Ахмет Кендірбекұлы деген ақын ағамыз бар, кезінде әкімдікте жауапты қызметтер ат­қарған, қазір зейнеткер. Әкімнің қол­дауы­мен кітап шығару, қаламгерлерге тұрақты түрде стипендия тағайындау ісінің басы-қа­сында осы кісі болған. Алматы облысы әкі­мі­нің қолдауымен шыққан алғашқы кітап – «Жетісу жауқазындары» деген жинақ екен. Оған облыс мектептерінде оқитын ақын ба­лалардың өлеңдері топтастырылыпты. Бұл 2002 жылы Шалбай Құлмахановтың тұсында шыққан көрінеді. Содан бері кітап шығару ісі тоқтаған емес. Кітапқа бөлінетін қаражат та жыл сайын ұлғайған үстіне ұлғайып келеді. Өздеріңіз де көріп жүрсіздер, жыл сайын ша­мамен 30-40 кітаптың тұсаукесерін жа­саймыз. Кітап шығару ісіне жауапты арнайы комиссия құрылған, оған облыс әкімінің орын­басары жетекшілік етеді. Мен сол комиссияның бір мүшесімін. Былтырдан бері көркем әдебиетке басымдық беріп отырмыз, яғни ғұмырбаяндық, публицистикалық ең­бек­терді шығаруды азайттық. Жас қалам­гер­лер­дің біразының кітабы осы бағдарлама бойын­ша жарық көрді. – Жыл басында Талдықорғанда Janr деген әдеби клуб құрылды деп естіп едік. Өзің соған жетекшілік етеді екенсің. Клуб немен айналысып жатыр? – Janr әдеби клубы – Талдықорған жас­та­­­рының басын қосатын ұйым. Қазір 20-30 мүшеміз бар. Бұл клубтың құрылу кезеңі пан­демиямен тұспа-тұс келіп қалды да көп­теген жоспарымыз іске аспай қалды. Деген­мен қам-қарекетсіз жатқан жоқпыз. Облыс­тық Мәдениет басқармасымен бірлесіп «Жа­пырақ жауған күз», «Ақпанда жауған ақ қар­лар», «Біз күткен көктем» секілді жылдың үш мезгіліне сай поэзия кештерін өткіздік. Бірер ай бұрын Жұматай Жақыпбаевтың өлең­дер жинағын шығарған едік, жақында Айнұр Төлеудің «Бірдеңе» деген кітабы қолы­мызға тиді. Алдағы күндері Сағыныш На­маз­шамованың жинағы жарық көрмек. Сонымен бірге биыл Сайын Мұратбековтің 85 жылдық мерейтойына арнап С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасымен бірлесіп, «Жусан иісі» деген әдеби байқау жарияладық. Бұл жобамызға Ескелді аудандық әкімдігі қол­дау көрсетіп жатыр. Бұйыртса, қараша айы­ның 20-сына дейін бұл байқауды қоры­тындылап, жазушының туған ауылы Қоңырға әдеби экспедиция ұйымдастырсақ деген ние­тіміз бар.  width= − Өзіңді бұрын республикалық ар­на­лар­дан көруші едік, қазір облыстық «Жетісу» телеарнасында жұмыс істейсің. Облыстық эфир «таршылық» етіп жүрген жоқ па? – Бұл жаққа марқұм Бейсен Құранбек ағам­ның шақыртуымен келгенмін. Келгеніме, осы қалада жүргеніме еш өкінбеймін. «Же­тісу» телеарнасы аты облыстық болғанмен, за­ты республикалық арнамен пара-пар. Ма­те­риалдық, техникалық база жағынан болсын, шығармашылық әлеует тұрғысынан болсын, кез келген арнамен бәсекелесуге болады. Әрі қазір жаңа медианың, әлеуметтік желінің заманы. Бұрын жасаған дүниеңді облыс халқы ғана көретін болса, қазір ондай шекара, шектеу жоқ. Әлеуметтік желі арқылы республикаға, онан қалды алыс-жақын шетелге таратуға мүмкіндік мол. Сондықтан қазір республикалық эфир, облыстық эфир деген шартты ұғымға айналып барады. – «Жетісу» телеарнасының өсіп-өр­кен­деуіне Бейсен Құранбектің сіңірген ең­­бегі зор екенін білеміз. Былтыр те­леар­на орналасқан ғимаратқа Бейсен Құранбектің атын бергелі жатыр дегенді естіп қуанып қалып едік. Сол шаруа не болды? – Шынымен, Бейсен Құранбектің «Же­тісу» тарихында алар орны бөлек. Арнаның қазіргідей жаңа ғимаратқа орналасуы да тіке­­лей сол кісінің идеясымен жүзеге асқан. Уа­қы­тыңыз болса Бейсен ағаның өз аузынан есті­ген бір әңгімені айтып берейін. Серік Үм­бетовтің облыс әкімі болып тұрған кезі екен. Бей­сен ағамыз телеарнаның ескі ғимара­ты­ның қасынан студия салуға қаражат сұрап өті­ніш жазады. Бір күні жұмыста отыр­ға­нында әкім қоңырау шалады. «Әй, Бейсен, біз қазір келер жылдың бюджетін қарап отыр­мыз. Сен бір студияға ақша сұрап жүр едің, сол қалай болады, қанша қаражат кетеді?» деп сұрапты. Сол кезде Астанада медиа ор­талық ашылып жатқан кез. Ойыма сол сап ете қалды дейді. «Серік Әбікенұлы, ескіні жа­мап-жасқап қайтесіз. Қазір «Егемен Қазақ­станның» меншікті тілшісі ана жақта, «Хабар­дың» тілшісі мына жақта отыр, «Қазақстан» телеарнасының тілшісі бір жақта, біз бір жақ­та жүрміз. Осының бәрін бір жерге шо­ғыр­ландыратын жаңа ғимарат салыңыз. Аста­нада медиа орталық секілді болсын» де­дім дейді. «А, солай ма?» деп ойланып қа­лып­­ты әкім. Содан бір кезде «болды, студия емес, журналистер үйін саламыз» деп тұтқаны тастамастан айналасындағыларға тапсырма беріпті. Осылайша, Бейсен ағамыздың дип­ломаттығының арқасында осындай ғи­марат­тың құрылысы басталады. Серік Үмбетовтің тұсында басталған жоба Амандық Баталов­тың кезінде аяқталып, қолданысқа берілді. Қазір Талдықорғандағы БАҚ-тың басым бө­лігі осы жерде отыр. Сондықтан да бұл ғи­марат­қа Бейсен Құранбектің есімін беруге еш­кім қарсы болмас деген ойдамын. Бұйырт­са, бұл шаруа да шешіліп қалар. – «Жетісу» арнасы ОTAU TV спутниктік же­лісі арқылы өз елімізді қоспағанда әлем­­нің он шақты еліне тарайды. Демек, ше­т­елдердегі қазақтар да «Жетісу» те­леар­­насымен жақсы таныс. Облыстық те­леарнаның қазіргі аяқалысы қалай? – «Жетісу» арнасы бүгінде аймақтық те­леарналардың көшбасшысы деп айтсам мақтанғаным емес. Қазір бала да, дана да өз кере­гін табатын арнаға айналды. Әсіресе, ұлт­тың рухын көтеретін, көрген адам көкейі­не бір нәрсе түйетін хабарларға басымдық бері­леді. Мәселен, «Жүрек сөзі», «Тәуелсіздік тұл­ғалары» дейтін хабарларда жұртқа белгілі аза­маттармен сұхбат жүргізіледі. Олардың айт­қан әңгімелері басқа жерде айтылмаған болуы мүмкін. Жеке тағдыры немесе ұлт, мем­лекет төңірегіндегі ойларын сол жерде ақ­тарады. «Зейнеп апаның әңгімелері» атты та­ғы бір ерекше жоба қолға алынған. Бағ­дар­ла­маны қазақтың батыр ұлы Бауыржан Мо­мышұлының келіні Зейнеп Ахметова жүр­гізеді. Бұл хабарды салт-дәстүр, ғұрып-әдет, ырым-тыйымдарға арналған теледәріс деп айтсақ дұрыс болар. Зейнеп апа бәрін елеп-ек­шеп, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, нені ұмыт­тық, нені жасауға болмайды соның бә­рін түсіндіріп айтып береді. Осы жаңа мау­сым­да бірнеше жаңа жоба жарыққа шықты. Со­ның ішінде көрерменнің ерекше ықы­ла­сына ие болған хабарлар қатарында «Безбен» ақпараттық-сараптамалық хабары бар. Айбек Құттыбек дейтін әріптесіміз жүргізетін бағ­дарлама қоғамның ең өткір мәселесін, қызу талқыланған тақырыптарды талдап-тара­зылап жұртқа ұсынады. «Бір бала» атты ха­бар бар. Ауылда жүрген талантты балалар­ды таныстырады. Оларға тосынсый жасап, бір арманының орындалуына себепкер бо­ла­ды. Ал «Жанашыр» хабары тағдыры қиын, өмір­дің үлкен соққысын көрген жандарға ар­налған. Әр кейіпкерге жанашыр көрермен­дер көмек қолын созып келеді. Тағы бір ерекше айтып кететін жоба − «Қазақ тілі». Қазақ тілінің грамматикасы түсінікті, жеңіл тіл­мен жеткізіледі. «Олжа» хабары да балық жә­не аң аулауды жақсы көретіндер үшін на­ғыз рақаттана көретін хабарға айналған. «Жетісу» − Жетісу өлкесінің тарихынан сыр шер­тетін, жұмбаққа толы мекендердің құпия­сын ашатын жобаларды қолға алды. Есімі ұмыт болған тарихи тұлғаларды ел есіне салуды да ұмытпады. Сонымен қатар «Жетісу» − үлкен мектеп, телевизия маман­дарын даярлайтын ұстахана. Талай жас, те­лежурналистика әліппесімен осында та­ныс­ты, жал-құйрығы жетіліп, ақпарат ала­манына атын қосты. – Қазір ел көлемінде өлкетануға баса мән берілуде. Жетісу жерінде осы жоба бойын­ша не істеліп жатыр? – Үш-төрт жыл бұрын Қарқара көтері­лі­сінң 100 жылдығына орай Райымбек ауда­нын­да ас берілді. Біз Қарқара ауылында бір мұға­лімнің үйінде қонақта болдық. Ол кісі тарихшы екен. Сөз арасында «Қожеке деген күйшіні танисыз ба?» деп сұрадым. «Білмейді екем» деп жауап берді. Ал Қожеке Назарұлы сол Қарқараның тумасы. Патшалық отарлау саясатына қарсы шығып, көтеріліс жасап, ақыры жеңілген соң Қытай асып кеткен адам. Бастапқыда ол жақта абырой-беделге ие болады, соңынан жалалы болып абақтыға жа­былады. Ақырында қытай жендеттері кө­мірдің шоғына қақтап өлтіреді. Қытай түр­месінде алғаш өлген қазақтың бірі – осы Қо­жеке. Қожеке – артына мол мұра қалдыр­ған, мектеп қалыптастырған күйші. Жай күйші емес, азаттық үшін күрескен батыр күй­ші. Соны тарих пәнінен сабақ беретін мұ­ғалім білмеді. Ұзақ пен Жәмеңкенің кө­терілісін біледі, Қожекенің көтерілісінен бей­хабар. Ұзақ пен Жәмеңке батырлар пат­шаға әскер бермейміз деп 1916 жылы кө­теріліс бастады ғой, ал Қожекенің көтерілісі одан әріде болған, патшаға бағынбаймын де­ген өрліктен туған көтеріліс. Міне, біздің өл­кетанудағы өзекті мәселе осы жерде жа­тыр. Бұл бір ғана мысал, көп ауылдың жас­тары ауыл іргесінде қандай тарихи оқиға болғанын, бұл өңірден қандай тұлғалар шық­қанын біле бермейді. Өйткені мектепте оқытпайды, оқытпаған соң оқушылар білмей өседі. Бертінде кітап ақтарғандары өздігінен оқып білсе білді, білмесе ештеңеден хабарсыз күйі кеткен. Өзім туған Ақтерек ауылы да Қордай көтерілісінің ошағы болған. Көтеріліс жетекшісі Әли Нұрғожаұлы біздің ауылда туған. Әлидің сенімді серігі Әлжан Шубаев атамның немере ағасы еді. Осы ерлердің есімін бүгінде ұлықталып жатқан жоқ. Ауылда Әли мен Әлжанға ескерткіш тұрмақ, көше берілген жоқ. Керісінше, сол тұста патшаға қызмет қылған болыстың бәрі бір-бір көшені иеленіп алған. Ал Әли батыр кө­терілісі Жетісудағы ірі көтерілістің бірі бол­ған, ол көтеріліске Қордайдың қос ақыны атан­ған Кенен Әзірбаев пен Есдәулет Кәнде­ков те қатысқан. Кейіннен екеуі де Әлидің ерлігін жырға қосып, дастан жазғанын әде­биет пен тарихтан хабардар адамдар біледі. Сондықтан өлкетану деген өте керекті дүние. Әр ауылдың, әр өңірдің шежіресі ұғынықты жазылып, мектептерде оқытылса, балалар біліп өседі. Білгеннен кейін туған жеріне құрметпен қарайды, патриотизм осыдан басталады. – Өзің енді қазіргі қазақ прозасында өнімді еңбек етіп келе жатқан орта буын­дағы қаламгердің бірісің. Осы ба­ғыт­та не істеп жатырсың? – Қалам ұстап не тындырып жүрсің, жаз­байсың ба ата-бабаларыңды деп тұрсыз ғой. Мені жетісулық өнерпаздар тағдыры қы­зық­тырады. Әсіресе, күйші, сал-серілер. Бұл да өлке тарихында қамтылмай жатқан, қамтыл­са да насихаты кемшін болып жатқан тақы­рып­тар деп санаймын. Өйткені күй өнері дегенде көбіне-көп жұрттың есіне Құрман­ғазы бастаған батыс күй мектебі, Арқаның шертпе күй шеберлері түседі. Ал Жетісу күй мектебі дегенді көп естімейміз. Сол секілді же­тісулық сал-серілер туралы да аз айтылады. Ал анығында күйшілер де, сал-серілер де бұл өлкеде болды ғой, әлгінде айтқан Қожеке, Бай­серкелер сол Жетісу күй мектебінің белді өкіл­дері. Мен осы екі күйшіге арнап екі хи­каят жаздым. Қожекенің өмірінің соңғы сәті жайлы «Тас көмірдің шоғы» және Байсеркенің «Ұран» күйінің тарихын баяндап «Күй Ұран» деген хикаят жаздым. Олар әдеби басылым­дарда жарияланды. Байсеркенің «Ұран» күйі­нің тарихы қызық. Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі» кітабында бұл күйді еңбекшілер ұраны, бірлікке шақырған ұран дегендей түсі­ніктеме беріп, кітапқа енгізеді. Осы арқы­лы күйді сақтап қалған. Ал негізінде ол азаттыққа үндеген, қазақ пен қырғызды орыс отаршылдарына қарсы күреске шақырған күй болған деседі. Сонымен бірге жақында Кенен Әзірбаев атамыздың балалық шағы жайлы «Бозторғай шырылы» деген повесті аяқтадым. Құдай қуат берсе алдағы уақытта жетісулық өнерпаздар тақырыбын жал­ғастырғым келеді. Еленбей, ескерілмей қал­ған шығармашылық тұлғалар жайлы жазу қа­ламгерлік бір міндетім деп санаймын. – Ақыры тарихқа келдік қой. Тәуел­сіз­дік алғаннан бергі жерде еліміз тари­хы жаңаша жазылуда. Осы орайда Же­тісу тарихын жазу, аймақ халқының ба­сы­нан өткен тарихи оқиғаларды ру­хани тұрғыдан сәулелендіруі ісінің қар­қы­ны қандай? − Менің ойымша, әркім өз ісімен ай­на­лысуы керек. Тарихпен кәсіби тарихшылар ай­налыссын. Ал жазушылар сол тарихшылар тап­қан деректерді, жазған еңбектерді пай­да­ла­на отырып, дәуірдің, тұлғалардың әде­биет­тегі көркем образын жасасын. Әрине, бұрын­дары біздің қаламгерлер көп ретте тарихшы­лардың алдына түсіп кетті. Соның нәти­жесінде, қазақ әдебиеті тарихи романдармен толықты. Ол жақсы, бірақ қазір заман басқа. Бұрынғыдай емес, тарих ғылымы етек-жеңін жиған болар. Жақында ғана саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелері Талдықорғанға келіп кетті. Қала архивінде он шақты күн отырып, жұмыс істеді. Олардың не тапқаны, қандай құнды құжатқа жолыққаны әзірге біз үшін жұмбақ. Дегенмен Жетісу тарихына байла­нысты бір жаңалықты осы ғалымдардан күтіп отырмыз. Жалпы алғанда, ел тарихын­дағы ақтаңдақтар, өзекті мәселелер біздің өңірде де бар. Жетісулық алаш қайраткерлері толық зерттеліп біткен жоқ, ұлт-азаттық көтерілістері мен оның жетекшілері де әлі лайықты бағасын алмады. Алдағы жылдары осы олқылықтың орны толатын шығар. – Мазмұнды әңгімең үшін алғыс білдіремін!