Жаңалықтар

«Ақыл базары» академиялық білімді қажет етпей ме?

ашық дереккөзі

«Ақыл базары» академиялық білімді қажет етпей ме?

Осыдан бір ай бұрын «Суперма­ма­сита» деген лақап атпен танымал бло­гердің үстінен қылмыстық іс қоз­ғал­ды. Әлі күнге дейін Алматы қалалық По­ли­ция департаментінің мүліктік қыл­мыс­тарды тергеу бөлімінде іс қаралып жа­тыр. Блогер 28 мыңнан астам қатысушыға қаржылық тәуелділіктен арылып, несие мен қарыздан құтылып, түрлі бизнес-ак­каунттарды басқаруды үйретуге уәде ет­кен. Алайда онлайн сабақ сапасы мен маз­мұны курсқа қатысушылардың көңі­лінен шықпағасын, марафоншылар ақ­шаны қайтару үшін полицияға арыз­дан­ған. Бұл – бір мысал. Қазір тез баюдың жолын үйретеміз, тұрмыс тауқыметінен шығатын жолды көрсетеміз дейтін мотиватор-коучтар көбейген. Бірақ олардың білім деңгейіне мән беріп жатқан жан сирек. Арнайы академиялық білімсіз-ақ адам оқытып, дәріс беретін инстаоқытушылар онсыз да «шықпа жаным, шықпалап» отырған халықты босқа әурелеп, салмақ салып отырғанын түсінгісі келмейтінінде.   Айгүл ЕЛШІБАЕВА, дәстүрлі әнші, жырау: Олардың тілі – жұмсақ, ділі – темірдей қатты – Психологпін деп елді алдап, дінді ара­лас­тырып, ақша табамыз деген пысы­қай­лар­мен айқасқаныма жарты жыл болды. Тү­сінгені түсініп, сапалы білім алуға бет бұр­ды. Түсінбегені түрлі жағымсыз пікір жау­дырды. Адамның фарисей деген типі бо­лады. Ең жиіркенішті әрі қауіпті отрядқа жа­татын тип. Қоғам бірінші тирандардан, екін­ші сондай фарисейлерден көп зардап шегеді. Олар елге ар-иманның айнасы ретін­де көрінгісі келеді. Діннің шапанын жамы­лып, екі сөзінің біріне жаратушының есім­де­рін қосып сөйлейді. «Алланың қалауымен жа­сап жатырмыз» деп, елдің қамы үшін жасап отырғандай жалған жанашырлық та­нытады. Түпкі мақсаты бас пайдасын ой­лап, адамдарды мәжбүрлі түрде несиеге, жоқ­шылықта жүргендердің жүрегіне тиетін сөз­дер айтып, қалау еркінен айырады. Олар­дан үстемеақы жеп, ақыр соңында ешкімге пай­да бермегесін, қайырсыз істің бәрін жа­ратушыға әкеп тірейді. Нәтижесінде, қо­ғам тақыр кедей болады. Бірақ өздері астың асы­лын жеп, тонның қамқасын кигенде ал­дына жан салмайды. Олардың тілі – жұм­сақ, ділі – темірдей қатты. Дүрмекті айла­сы­мен артына ерткендерге айтарым: «Заң орын­дарына қалай шағымдансақ болады?» деушілер көбейіп жатыр. Судың да сұрауы барын ұмытпаған жөн. Маркетингтегі арбау, «жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шы­ғады» дегендей жаман ойлама деп, биз­нес­тен білім тәжірибесі аз, ақыл таразысы ша­малы адамды тыңдауға бола ма?! Қазақта «Сау­да сақал сипағанша» деген жақсы тәм­сіл бар. Инстаақылмандарға сеніп, несие алып, сабаққа қатысып, лекциясын сатып алған адамдардың өкінішке толы хаты көп ке­леді. Мұндай тірлікті ауыздықтамаса, та­мыр жайып кету қаупі бар. Айман ОМАРОВА, заңгер:

Әлеуметтік желіні бақылайтын заң керек

– Ақшаға білімін сататын мамандарды заң­мен қудалап, тоқтау сала алмаймыз. Бұл жер­де басқа мәселе бар. Ақшасы төленген са­­­бақтың мазмұны қаншалықты маңызды?! Мі­не, негізгі мәселе – осында. Әсіресе, «мо­ти­ватор-коучтардың айтып жүрген кеңестері тек­серілген бе, дереккөз қайдан алынған?» де­ген секілді сұрақтарға қызығушылық клиент тарапынан болуы керек. Мотиватор-тре­нердің ақпараты сапасыз болса, ол – қыл­мыс емес. Жалпы, елімізде қылмыстың бәрі шектелген. Белгілі бір деңгейде қылмыс жа­саған адам жазаланады. Егер ақшасы тө­леніп, сабақ берілмесе онда сот орын­дау­шы­ларына жүгінуге болады. Мұның тү­бінде алаяқтық жатыр. Өзіңіз айтқан оқи­ғаға оралсақ, онлайн мотивациялық са­бағын сатқан әйел курсқа қатысқысы келе­тіндерден ақшаны жинап алды. Бірақ са­бағының сапасы сын көтермейді. Қа­тысу­шы­лары оның үстінен шағым түсірді. Іс сот­қа жетті. Курс қатысушылары ақшасын тө­леп қойдық, сабақ берілмеді, тренинг өтпеді деп шағымдануға құқығы бар. Халық әлі де оңай ақша тапқысы келеді немесе миллионер етіп шығарамын деген сөзге сенеді. Осы мотиватордың сабағына қатыс­сам, өмірім жақсарып кетеді деп ойлайды. Дамыған елдердің өзінде жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады, десек те моти­ватор-психологтер айтатын ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеруге қауқарсыз бо­лып тұр. Сапасыз ақпарат беру де қыл­мыс­қа жатпайды. Жеке ойым, заң жобасы аясында әлеуметтік желіні бақылайтын заң бөлімшесін ашуды қарастыру керек. Заң бө­лімі ашылған жағдайда да мотиваторлар мен коучтардың сабағының сапасын тек­сере алмасақ та, әркім қолданып жүрген әлеу­меттік желісіне жауапкершілікпен қа­райтын еді. Қоғамда мұндай жағдайға түрлі пі­кірдің айтылуы заңды. Мотиватор-пси­хологтің сабағының пайдасын көріп, өмірі түзелгендер де аз емес. Онда тұрған ештеңе жоқ. Заңгер, педагог, математик, биологтер ақы­лы онлайн сабақ беріп жүр. Өзім де пан­демия кезінде тегін заңгерлік кеңес бер­дім. Сондықтан мотиватор-психологтердің онлайн сабағы мен тренингтерін қыл­мыс­тық іске бағалауға болмайды.

Дайындаған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА