Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Мемлекет басшысы

Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Мемлекет басшысы

Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс.

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шынында да біздің мектеп түлектеріміз қазақстандық қоғамға кіріктірілуі тиіс. Олар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл үшін олар мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін де білуі керек. Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы. Оларды бір тілмен ғана шектеуге болмайды. Сол арқылы біз іс жүзінде олардың болашақ дамуын, болашақтағы бірігуін шектейтін боламыз. Түптеп келгенде болашағының аман-есен болуынан айырамыз. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі және оны біздің ұлттық топырағымызға сіңіруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.