Жаңалықтар

Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Италия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрліктері халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдері полковник Олжас Құсайынов пен полковник Лука Витали кездесті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар әскери ынтымақтастық, оның ішінде бітімгершілік қызмет, әскери білім беру, сондай-ақ әскери-теңіз шеңберіндегі ахуал мен перспективаларды талқылады.