Рим кинофестивалінде Оливер Стоунның Елбасының сұхбатына негізделген фильмі таныстырылады

Рим кинофестивалінде Оливер Стоунның Елбасының сұхбатына негізделген фильмі таныстырылады

Рим кинофестивалінде Оливер Стоунның Елбасының сұхбатына негізделген фильмі таныстырылады
ашық дереккөзі

Бүгін Рим кинофестивалінде режиссер Оливер Стоунның Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмінің таныстырылымы өтеді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

Кинорежиссер Оливер Стоун бұрынғы Кеңес Одағындағы Орта Азия мемлекеттерін жан-жақты зерттеп, әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Оның таңдауы жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа түскен.

Айта кетейік, биыл 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда аталмыш фильмнің тұсаукесері өткен болатын. Онда мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев шығармашылық топтың Орта Азия көшбасшыларының ішінде біздің Тұңғыш Президентімізге көңіл бөлгені – заңды құбылыс деді. «Тарихи тұлғалардың ішінде орны ерекше, тәуелсіздіктің көк байрағын аспанға көтерген, елімізді жұмылдырып, ең қилы кезеңдерде халқымыздың ортасынан шыққан тарихи тұлға, ғаламдық саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының болуы халқымыздың ниетіне және Алла тағаланың қазақ халқына деген үлкен қамқорлығы деп білеміз. Шығармашылық топтың Орта Азия көшбасшыларының ішінде біздің Тұңғыш Президентімізге көңіл бөлгені – заңды құбылыс. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір мемлекет. Елбасы дүние жүзіндегі ең үлкен ядролық сынақтар өткізілген Семей полигонын жабу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, дүние жүзіндегі бейбітшілік мәселесіне байланысты көптеген ұсыныстарын БҰҰ ұсынып жүрген саяси тұлға. Екіншіден, Кеңес Одағы тараған кезде еліміздің, халқымыздың жағдайы өте ауыр еді. Біз аз уақытта Қазақстанды өңірдің көшбасшына, әлемдегі дамушы елдердің қатарына қосуға мүмкіндік алдық. Бұл еліміздің Елбасымыздың жанқиярлық еңбегінің жемісі», – деп атап өтті мемлекеттік хатшы.