Сағат жөндеуді атакәсіпке айналдырған әулет
Сағат жөндеуді атакәсіпке айналдырған әулет
Мавлюда Ширханова – сағат жөндеу шебері. 40 жылдан бері Алматы қаласындағы Сарыарқа базарында сағат жөндейді. Бұл туралы өзі айтып берді.
– Сағат жөндеуге тек төзім керек. Өткенде практикаға екі жүз қыз-жігіт кеп, екеуі ғана үйренді. Балаларым ата кәсіпті тастап кетпесе екен деген арманым бар. 3 баламнан 9 немере сүйіп отырған әжемін, – дейді Мавлюда апа.
Мавлюда Абдурашитқызы – әдемі әуестікті ата кәсіпке айналдырған үшінші буындағы ұрпақ. Атасы мен әкесі де қолынан іс келетін ұста болған. Осы күнге дейін 400-ге жуық сағат жөндеген. Бүгінде ұлы Ділмұрат анасының жолын қуған. Ерекше кәсіппен айналысқанының арқасында рекордтар кітабына еніп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.