Сағат жөндеуді атакәсіпке айналдырған әулет

Сағат жөндеуді атакәсіпке айналдырған әулет

Сағат жөндеуді атакәсіпке айналдырған әулет
ашық дереккөзі

Мавлюда Ширхановасағат жөндеу шебері. 40 жылдан бері Алматы қаласындағы Сарыарқа базарында сағат жөндейді. Бұл туралы өзі айтып берді. 

– Сағат жөндеуге тек төзім керек. Өткенде практикаға екі жүз қыз-жігіт кеп, екеуі ғана үйренді. Балаларым ата кәсіпті тастап кетпесе екен деген арманым бар. 3 баламнан 9 немере сүйіп отырған әжемін, – дейді Мавлюда апа.
Мавлюда Абдурашитқызы – әдемі әуестікті ата кәсіпке айналдырған үшінші буы­ндағы ұрпақ. Атасы мен әкесі де қолынан іс келетін ұста болған. Осы күнге дейін 400-ге жуық сағат жөндеген. Бүгінде ұлы Ділмұрат анасының жолын қуған. Ерекше кәсіппен айналысқанының арқасында рекордтар кітабына еніп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.