Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет
ашық дереккөзі
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады.  21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Ертең күндіз Петропавлда жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с жетеді. Ертең түстен кейін Шымкентте қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с жетеді. Ертең күндіз Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға ұласады. 21 қазанда түстен кейін Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкн. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с жетеді. 21 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді Cондай-ақ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 22 қазан күні Алматы тауларында күндiз жаңбыр және қар жауып, найзағай ойнайтынын хабарлап, ескерту жариялады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк-батыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Осыған байланысты ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
  • Таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс. Егер кішігірім топырақ көшкіндерін байқасаңыз, тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкіні болуы мүмкін;
  • Егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;
  • Егер тау бөктерінде қардың жылжуын, қар түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді;
  • Үйге ертерек қайтуға тырысыңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киім, күтпеген жағдайда дәрігер келгенге дейін көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды. Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз. Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды. Автокөлік жүргізушілері, сақтық шараларын сақтаңыз!